Әл-Фараби ауданында 51 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды

Әл-Фараби ауданында 51 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды

Шымкент қаласында көпқабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін құру жұмысы қарқын алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев «Спорт» шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидаты жөнінде кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары, ауланың санитарлық тазалық мәселелері жайы да сөз етілді.

Тұрғындар аудан әкімі орынбасарынан мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен жай серіктестікті (ЖС) құру бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесуден кейін 1 көпқабатты үй мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелді.

Айта кетсек, Әл-Фараби ауданында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 51 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық Әділет департаментіне тіркелді.