ҰЛАНДЫҚТАР ШЫМКЕНТТЕ СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

ҰЛАНДЫҚТАР ШЫМКЕНТТЕ СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Оқиға 24 шілдеде «Қошқар ата» өзенінің маңында болған. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің әскери жасағы суға батып, көмекке шақырған баланы көрді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ильяр Кахирман бұл туралы радиостанция арқылы өзінің аға бастығына баяндап, содан кейін суға секіріп, баланы жағаға шығарды. Кейін әскери қызметшілер баланы ата-анасына тапсырды.Ұландықтардың батыл әрекеттері баланы ықтимал ажалдан құтқарды. Айта кету керек, сол күні Ұлттық ұланның әскери жасақтары Шымсити саябағында жоғалған баланы тауып, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жоғалған смартфонды иесіне қайтарып алды. Барлық жағдайда азаматтар Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне қырағы және адал қызмет атқарғандары үшін зор алғыстарын білдірді.

«Шымкент келбеті»