Дүние жүзінде Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі tvkhabar24-ке сілтеме жасап.
ЕАЭО елдері арасында Қырғызстан алдыңғы қатарда: 10 мың адамға – 206 сәбиден келеді. Арменияда – 119, Ресейде – 100, Беларусьте – 95.
2020 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 389,9 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп.
Ал елімізде туу көрсеткіші бойынша үшінші мегаполис үздік үштікте. Өткен жылы Шымкентте 31 445 бала дүние есігін ашқан. 2020 жылы 274 егіз және 6 үшем өмірге келген.
Медицина мамандарының айтуынша, мегаполисте күніне орта есеппен 120 сәби туады. Яғни, әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашатыны туралы бұған дейін де жазғанбыз.
Фото: ашық дереккөз