Әлемдегі ең биік ескерткіштің бірі - Шымкентте орналасқан

Әлемдегі ең биік ескерткіштің бірі - Шымкентте орналасқан

Алматыдан келе жатқан саяхатшыларды құшақ жая қарсы алатын Байдибек би ескерткіші қаланың ең биік нүктесінде орналасқан, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz тілшісі

Шымкенттің солтүстік бөлігінде орналасқан даңқты батыр монументі - әлемдегі ең биік ескерткіштердің қатарына кіреді.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына орай бой көтерген.

Бәйдібек Қараша ұлы VI-VII ғасырда Шығыс Қаратау маңында өмір сүрген. Қазір бұл жер Бәйдібек би ауданы деп аталады.

Ол қарапайым жетім-бақташыдан осы құрметті би атағына дейін өскен, Қазақстанның көшпенді тайпалар одағымен бейбітшілік үшін күрестерде көзге түсіп, Ақсақ Темірдің жақтасы болған.

Бидің құрметіне биіктігі 23 метрді құрайтын елдегі ең биік ескерткіш орнатылған. Мүсіннің биіктігі 10 метр, тұғыры 9 метр, үймесі 4 метр. Осы жерден қаланың керемет көрінісі ашылады.


Фото: Самат Мырзалиев