3-6 маусым аралығында Италияның Генуи қаласында Пара биден тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында Әлем Кубогі өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жарысқа Шымкент қаласының №19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының паралимпиадалық бөлімінің спортшылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Спорттық сайыста Ермек Қалымбетов, Аталыкова Кульшум, Балмағанбетова Айгүл, Мұхтарова Малика бақ сынады.
Нәтижесінде, әлемдік додада спортшыларымыз 5 қола және 1 күміс жүлде иеленіп қайтты.