Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады

Көркем гимнастикадан Азия ойындарының абсолютті чемпионы Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы аталған федерацияның кезекті есеп беру конференциясында мәлім болды.

«Маған сенім білдірген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызына, сондай-ақ, он жыл көлемінде жұмыс атқарған Үміт Болатханқызына алғыс айтамын. Команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін, өйткені, жаңа жұмысым қоғамдық қызметке жақын. Екеуін де қатар алып жүремін. Біздің мақсатымыз айқын – еліміздегі спортты дамытып, жақсы нәтиже көрсету», - деді Әлия Юсупова.

Айта кетейік, 36 жастағы Әлия Мақсұтқызы Шымкент қаласының тумасы.

Жерлесіміздің жетістіктері:

10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;

Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;

Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;

Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.

ҚР үздік спортшысы (2004).

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).

Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).

Түркістан облысының Құрметті азаматшасы (2004).

«Құрмет» орденімен (2004);

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.