Лицензия беру қызметі электронды форматқа көшті

Лицензия беру қызметі электронды форматқа көшті

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан лицензиялау бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Атап айтқанда, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру қызметтері толық электронды түрде көрсетіліп жатыр. 

Өткен жылы басқармадан жаңа 48 лицензия беріліп, 123 лицензия қайта рәсімделген. Ал биыл жыл басынан жаңадан 3 лицензия беріліп, 23 лицензия қайта рәсімделді.  

Лицензиаттар белгіленген талаптарға сай келмейтіндігі анықталған жағдайда, яғни заң бұзушылықтарға жол берген болса, құқық бұзушылық ҚР ӘҚБК-ның 464 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Яғни, лицензиаттың санатына байланысты белгіленген айыппұл салынып, лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылады.

Ал егер, осындай заң бұзушылық 12 айдың ішінде қайталанса, лицензиаттың санатына байланысты белгіленген айыппұл салынып (100-300 АЕК аралығында), лицензиясын айыру шаралар жүргізіледі.