Әл-Фарабиатындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруыменҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заңым – айбыным» атты кітап көрмесі өтті. "Мерейлі 30 күн" жобасы аясында өткен көрмеге қала жастары, студенттер қатысты.
Жиын жастарға еліміздің Ата заңын,өзге де құқықтық құжаттарын таныстырып, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту мақсатында қолға алынған.
Көрмеге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың ата заңдары» 10 томдығы, Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы, Ә.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», М.Нәрікбаевтың «Ақиқаттың ақ жолы», М.Матаеваның «Конституционная история Казахстана и стран Центральной Азии XX века» еңбектері қойылды.
Сондай-ақ жиын барысында Конституцияның рөлі, халық пен билік құрылымдарыарасындағы қарым-қатынас, қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» арқылы қазақ тарихындағы құқық, жауапкершілік, жаза қолдану шешімдері қалайқабылданғаны баяндалды. Мерзімді басылымдар мен құқық жайлы кітаптарға шолу жасалды.
«Шымкент келбеті»