«Ұлытау» тобы дүниежүзілік байқауда бас жүлдені жеңіп алды

«Ұлытау» тобы дүниежүзілік байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық «Ұлытау» тобы DjookyMusicAwards бүкіләлемдік байқауында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мұндай ақжолтай хабарды музыкалық ұжымның продюсері Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Біз #DjookyMusicAwards Бүкіләлемдік байқауының Гран-Приін жеңіп алдық. Бұл ең алдымен бізге онлайн дауыс берген отандастарымыздың арқасы. Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында бізге қолдау білдірген барша қазақстандықтарға рақметімізді айтамыз», - делінген продюсер парақшасында.

Айта кетейік, аспаптық қазақ этно-рок стилінде қалыптасқан «Ұлытау»тобы 2000 жылдардың басында құрылған. Осы күнге дейін түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы атанған.