2023-2024 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.
Мониторинг кезінде анықталған ақауларды қалпына келтіруде үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ магистралды жылу құбырларын қайта құру бойынша биыл екі жоба жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Гагарин, Абай, Громов, Гоголь, Адырбеков көшелерінде, Нұрсәт тұрғын алабында жүргізілетін болады.
–Жылудың сапалы болуы қазіргі дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан іс-шара жоспарындағы міндеттемелердің мерзімінде, талапқа сай орындалуын назарға алыңыздар. Сығымдау жұмыстарын шілдеде, жалпы, жылыту маусымына дайындықты қыркүйекке дейін толық аяқтаңыздар,- деді қала әкімі.
Сондай-ақ М. Дүйсенбекұлы тиісті сала басшыларына жылу қазандықтарының, сорғы стансаларының дайындығын қадағалап, бюджеттік нысандардың қатты, сұйық отынға қажеттілігін нақтылауды тапсырды. Бұл кешенді шаралар қаладағы қолданыстағы жүйелерді жаңартып, жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.