Бүгін, 15 наурыз күні «Түркістан» сарайында «Жігіттер» квартетінің «Махаббат кеші» атты ән кеші өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Концерт Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз - Шымкентте басталады» атты мерекелік іс-шаралары аясында ұйымдастырылды.
Карантин кезінде концерт тоқтап, әншілер де шығармашылық кештерден қол үзіп қалды. Індет жайлаған бір жылдың ішінде өнер иелері мен тыңдармандар арасындағы байланыс сағынышқа ұласты. Оны «Жігіттер» тобының мүшелері де мойындайды. Шымшаһардың түлектері туған жеріне асығып, жерлестерінің өнерге деген сағынышын басуға келгендей.
- Сүйікті тыңдармандарымызды концертте күтеміз. Сіздерге деген сағынышымызды, мауқымызды бір басайықшы,- деп жазды «Жігіттер» тобының жігіттері өздерінің инстаграм парақшасында.
Топ құрамындағы 4 жігіт те Оңтүстікттің тумасы. Олардың өнердегі жолы 2003 жылы Шымкет қаласында басталды. «Жігіттер» тобының ең алғашқы «Ерке қыз» әні төрттіктің бағын жақты. Сол ән арқылы «Арай-2003» байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Квартет продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келеді.
Бүгінде топ қоржынында 2 үнтаспа, 10-ға жуық бейнебаян, 80-ге жуық ән бар. Дәл қазіргі таңда жаңа 2 бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр.
Құрметті ән сүйер қауым, сіздерді «Жігіттер» тобы «Махаббат кеші» атты концертіне шақырады!
Ән кеші барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, «Түркістан» сарайы
Уақыты:16:00, 19:00
Билеттер: +7 7252 275073, + 7 702 401 6380