Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады, -деп хабарлайды Shymkentaqparat «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға сілтеме жасап
Айта кетейік, 25 мамырда ІІМ ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында автоқызметтер тоқтады. Қазіргі уақытта, мәселе шешілді. 27 мамырдан бастап барлық мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
- Әріптестеріміз жүйедегі ақауларды жойды. Ішкі істер министрлігі мамандары мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізді. Біз жиналған барлық өтінімді жедел пысықтауға тырысамыз. Қолайсыздық тудырғанымыз үшін тағы да кешірім сұраймыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Әділ Қожихов.