Маска тағу режимі күзге таман аяқталуы мүмкін – Цой

Маска тағу режимі күзге таман аяқталуы мүмкін – Цой

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой журналист Нартай Аралбайұлының YOUTUBE арнасында берген сұхбатында айтты.

«Бұл ең маңызды мәселелердің бірі шығар. Мұны күздің басына қарай тоқтауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйекке қарай халықтың басым бөлігін вакциналап бітуіміз керек. Кейбір елдерде халықтың 60 пайызына дейін вакцина салдырғанын және маска тағу режимін алып тастауға рұқсат етілгенін көріп отырмыз, өйткені ұжымдық иммунитет бар» - дейді Цой мырза.

Бүгінде 2 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Фото: Самат Мырзалиев