Медиация – дау-дамайды шешудің баламалы әдісі

Медиация – дау-дамайды шешудің баламалы әдісі

Бүгін осындай тақырыппен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында түсіндірме жұмыстары басталды. Ең алдымен медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары арасында тренинг ұйымдастырылды.

Медиация – бұл адам құқығына, бостандығына құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, конструктивтік сұхбат жолымен әлеуметтік, өзге де келіспеушіліктерді, жанжалдар мен дауларды шешуге бағытталған институт.

Түсіндірме жұмыстарына «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ақшегірова Лаура Мұратқызы және оның орынбасары Абдукаримова Салтанат Егізбекқызы қатысып, жастарға «Медиация»ұғымы мен қызметін кеңінен дәріптеді.

– Шын мәнінде, медиация – бұл «Не істеу керек?», басты мәселе «Кім кінәлі?» деген сауалдарға жауап алу. Медиацияның дауларды шешудің басқа тәсілдерінен негізгі айырмашылығы ол тараптарға тиімді болатын жанжалдың шешімін табуға көмектеседі, - деді Лаура Мұратқызы.