​Медициналық бетпердені қолданудың қарапайым ережесі

​Медициналық бетпердені қолданудың қарапайым ережесі

Коронавирустан сақтанудың ең маңызды құралдарының бірі – ол, әрине бетперде. Бірақ біз оны қаншалықты дұрыс қолданып жүрміз? Shymkentaqparat тілшісінің бұл сұрағына Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының дәрігері Сәбит Байбосынов жауап берді

«Қоғамдық орындарда адамдардың бетпердені дұрыс қолданбауын жиі көзім шалады. Мәселен, тұрғындар бетпердені тек иекке іліп алуды әдетке айналдырған. Мұндай жағдайда масканың ешқандай қорғаныш әсері болмайды. Өйткені, мұрын мен ауыз қуысы ашық. Ал кейбіреулері тек қана бетпердемен аузын ғана жауып алады. Мұрынның тыныс жолдары ашық болғандықтан,аталған тәсілдің де пайдасы шамалы. Үшінші жағдай, бетпердені тек бетке тағып, екі қуысының ашық қалуы. Яғни, коронавирус инфекциясының кіру жолдарына ешқандай тосқауыл жоқ. Ең дұрысы алдымен қолыңызды антисептикпен өңдеп алу керек. Бетпердені таққан кезде, ол мұрын мен ауызды, бетпердедегі иілгіш зат мұрынның екі қуысын толық жауып тұруы шарт. Сосын бетперденің қатпарлы тұсын иек жаққа тарту қажет»,- дейді білікті маман.