Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз