Өткен тәулікте мегаполисте тағы 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қалада 2020 жылдың 24 наурызынан ағымдағы жылдың 3 ақпанына дейінгі аралықта COVID-19 індетінің 5 896 жағдайы тіркелген. Оның 3 003-і симптомды болса, 2 893-і симптомсыз. Нәтижесінде 5 391 адам емделіп шыққан.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта қалада 1 060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 897-сі бос. Ал жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 163 (3 ақпан күнгі жағдай) науқас ем қабылдауда.
Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына эпидахуалдың күрделене түскендігін айтып, карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Адам көп шоғырланған қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпаңыздар.
Фото: ашық дереккөз