Шымкентте жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбук парақшасында жазды.
— Қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа осындай жобаны қолға алып жатырмыз. Әзірге тек Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы "Satti zhol" жанар-жағармай бекетінің маңына пилоттық жоба ретінде орнатылды, - деді Максут Исахов.
Оның айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел әдеттегі жол белгілеуінен көптеген артықшылықтарға ие.
— Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырады және оны қараңғыда айқын көрсетеді, автомобиль фараларының жарықтығы мен бағытына байланысты емес, түрлі ауа-райында, жолда қар, шұңқырлар, мұз, батпақтар болған кезде де көрінеді, - дейді М. Пернебайұлы.