​Мегаполистің транспорттық логистикалық орталығы

​Мегаполистің транспорттық логистикалық орталығы

Шымкентте транспорттық логистикалық сауда орталығы пандемия жағдайы кезінде санитарлық талаптарды сақтап, өз жұмыстарын дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тоғыз жолдың торабында орналасқан кешенде тек елімізден ғана емес, шет мемлекеттерден де тауарлар импортталады. Қазіргі таңда мұнда көкөніс өнімдері мен астық және медициналық дәрі-дәрмектен жинақталған қор бар.

Бүгінде логистикалық орталықта 80-ге жуық маман жұмыс істейді. Олардың қатарында Шымкенттен бөлек, еліміздің әр өңірінен келген азаматтар да бар.

Аталған орталықта Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келіп жатқан транзиттік жүктер сақталып, кедендік рәсімдеуден өткізіледі. Нысан соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған.

Айта кетейік, Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында өткен жылы 345 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 3 жоба жүзеге асырылды. Биыл 6 инвестициялық жобаны (306 жаңа жұмыс орны) іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ «Тассай» индустриялды аймағының аумағы бүгінде толық жұмыс істеп тұр. Өткен жылы онда 6 инвестициялық жоба іске асты. Биыл тағы 3 жобаны іске қосу көзделуде.