Мейрамханаларға кезекті рейд жүргізілді

Мейрамханаларға кезекті рейд жүргізілді

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық Полиция департаменті мамандарымен бірге мейрамханаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.


Рейд барысында тұрғындардың аудан аумағына қарасты Бәйдібек би даңғылындағы «Ақбастау», «Мерей», «Шымкент- Холл», М.Дулати көшесіндегі «Теріскей», Орымбаев көшесіндегі «Нарлен»мейрамханаларында құдалық, беташар, ұзату сынды той-томалақ өткізілгендігі анықталып, оларға тосқауыл қойылды.

Ал Қазыбек би көшесіндегі «Sova» және Т. Рысқұлов көшесіндегі «Sakagrand» кафелері келушілерге қор-қор (кальян) ұсынғандығы белгілі болды.

Сенбі-жексенбі күндері 84 кәсіпкерлік нысанға рейд жүргізіліп, карантин талаптары сақталмаған 9-на айыппұл салынды. Жалпы мұндай бақылау жұмыстары тек демалыс күндері емес, күн сайын ұйымдастырылуда. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары және тәртіп сақшылары Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың бекіткен соңғы №18 Қаулысына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.