Инағамжан Махаметалиевич Мавланов “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды
«Шымкент» халықаралық әуежайының Арнайы көлік қызметінің 1-санатты жүргізушісі Мавланов Инағамжан Махаметалиевич ұзақ жылғы адал еңбегі мен салаға сіңірген үлесі үшін Қазақстан Республикасының “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.
Инағамжан Махаметалиевич 1962 жылы Шымкент облысы, Бөген ауданы, Хатын-Күпір ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын осы салада бастап, бүгінде 42 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман ретінде танымал. Барлық еңбек өтілі мен қызметі бір мекемеде — «Шымкент» әуежайының арнайы көлік қызметінде өтті.
Ол – өз ісінің нағыз шебері, жас мамандарға тәлімгер, әріптестеріне үлгі бола білген жан. Жауапкершілігі жоғары, ұжым арасында беделді, салмақты әрі әділ мінезімен ерекшеленеді.
Марапат кәсіби шеберліктің, тұрақтылық пен адал еңбектің айқын дәлелі болды.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025
#КөлікҚызметкерлеріКүні
#ЕңбекАдамы
#АдалАзамат