Мемлекеттік грант алуға 336 өтінім комиссияға ұсынылды

Мемлекеттік грант алуға 336 өтінім комиссияға ұсынылды

Шымкентте мемлекеттік қайтарымсыз грант алу үшін 437 өтінім түскен. Оның 336-ы комиссияға ұсынылып, 101-і тиісті санаттарға жатпайтыны анықталды. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде, 2022 жылдың сәуір айының 1-14 күндері аралығында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантқа құжаттар қабылданған болатын.

Өтінім берушілер комиссия алдында өз бизнес-жоспарларын тапсырады. Екі күн ішінде яғни 26 сәуір күні -170 адам, ал 27 сәуір күні 168 адам өз жобаларын қорғайды. Комиссия құрамында қалалық мәслихатының депутаты, қалалық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдіктерінің, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының, Жастар ресурстық орталығы, кәсіпкерлер палатасы жанындағы "Іскер әйелдер" кеңесінің және БАҚ өкілдері бар.

Айта кетсек, биыл 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант 1150 азаматқа үйлестіру жоспарлануда.