Шымкент қаласында 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім беру басталады.
Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
Порталда тіркелу;
грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, "Мансап" орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
өңіраралық қоныс аударушылар
атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.