​Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы мақұлданды

​Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы мақұлданды

Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы мақұлданды.

- Заң жобасы аясында бір жерден сатып алудың жолына тосқауыл қойылып, тауарларға бәсекелестік жағдайда бір күнде қол жеткізуге мүмкіндік беретін Электрондық дүкен ашу көзделген. Сонымен қатар байқау процедураларын 5 жұмыс күніне дейін қысқарту мүмкіндігі де қарастырылған, - деді ол.

- Сонымен қатар «Квазимемлекеттік сектордың бөлек субъектілерінің сатып алуы туралы», соның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуына қатысты заң жобасы да назарға ұсынылады.

Осының бәрі орталықтандырылған сатып алуды қамтамасыз етеді. Заң жобасы бойынша жұмыс депутаттармен бірге қаралатын болады.

Жобаның негізгі бағыты – аталмыш сектордың сатып алуын жеңілдету, бақылау мен шараларды қайта қарау тәртібін енгізу, кәсіпкерлерге ашық әрі адал бәсекелестік орта қалыптасыру, сатып алу келісшарттарының орындалуын қадағалау, - деді Ерұлан Кенжебекұлы.