Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына қатысу үшін еліміздің барлыың өңірінде өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Байқауды ұйымдастырушылардың дерегінше, өтінімдердің ең көп саны - Алматы (454), Шығыс Қазақстан (232) және Қарағанды (223) облыстарынана келіп түскен.
Айта кетейік, ағымдағы жылы енгізілген жаңа ережелер аясында, «Мерейлі отбасы» байқауына қатысу өтінімдерін тек отбасылардың өздері ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар берді.
Енгізілген өзгерістер оң нәтижесін берді. Осылайша өңірлік комиссияларға барлығы 2 768 өтінім, оның ішінде отбасылардан – 1 692, заңды тұлғалардан - 1076 келіп түсті.
Фото: ашық дереккөз