Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов »Металлург» стадионына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып қайтты. Стадионда 480 орындық командалық ойындарға арналған спорт зал, 62 адамға арналған спортшылар үйі, әкімшілік корпусы және көрермендерге арналған сыйымдылығы 1504 орынға арналған трибуна қарастырылған.
Мұрат Дүйсенбекұлы аталған нысан «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында спорттық ойындар өткізуге дайын болу керектігін айтты.
Стадион пайдалануға берілсе, мұнда республикалық маңызы бар спорттық шаралар өткізуге, сонымен қатар қала тұрғындары күнделікті спортпен айналысуына мүмкіндік алады.