Мұхтархан Ділдәбеков сайлауға отбасымен келіп дауыс берді

Мұхтархан Ділдәбеков сайлауға отбасымен келіп дауыс берді

Шымкентте белгілі спортшылар да сайлауда белсенділік танытып жатыр. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков отбасымен бірге келіп, № 269 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Мұхтархан Қобыланбекұлы қала тұрғындарын, спортшылар қауымын маңызды іс-шарадан қалыс қалмауға шақырды.

–  Бүгінгі саяси додада азаматтар белсенділік танытып жатыр. Халықтың көңіл-күй жақсы. Бүгінгі сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңызы зор. Сол себепті де біз іс-шараға отбасымызбен келдік. Сайлау бұқара болып шешім шығаратын маңызды саяси мереке.

Еліміз дамуына әрбіріміз бірлесе атсалысайық, – деді белгілі спортшы.

Айта кетсек, № 269 сайлау учаскесінде 2501 сайлаушы тіркелген.