Шымкент қаласында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтау мақсатында 15 ақпанынан бастап «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталған іс-шара төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай ҚР аумағынан шығуға ықпал етеді.
Айта кетейік, «Мигрант» іс-шарасы 19 ақпанына дейін жалғасады.
Фото: ашық дереккөз