«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкентте 7-маусымнан бастап «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Іс-шараның мақсаты - қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.

Іс-шараның барысында төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға ықпал ету болып табылады.

«Мигрант» іс-шарасы 16-маусымға дейін жалғасады.