М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралады

М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралады

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Әкімшілік-іскерлік орталықта құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысанды аралады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қала басшысы әуелі 9 қабатты үйдің құрылысымен танысты. Құрылысты «Югстройсервис-Н» ЖШС жүргізуде. Мердігер мекеме 2019 жылы басталған нысандыбиыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Көпқабатты үйде 56 пәтер бар. Пәтерлердің жалпы ауданы – 9 345,33 шаршы метр. Қала әкімі жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді.

Сонымен бірге 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Шаһар басшысы аталған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын аралап көрді.Жауапты мердігерлер нысандардың құрылысын 2021 жылдыңшілде айында аяқтауды көздеп отыр.

Мұнан кейін М.Әйтенов 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылысының барысын көрді.

Аталған нысанның құрылысы 2018 жылы басталған болса, биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.