М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Астана қаласындағы Мажарстанның төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона мырзамен кездесті.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыра отырып, экономикалық қарым-қатынасты нығайту, шаһарға инвестициялық жобаларды тарту және әрбір жобаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы айтылды.

Шаһар басшысы даму жолындағы Шымкент қаласының мегаполис мәртебесін алғанына бес жылға жуықтап қалғанын тілге тиек етіп, осы уақыт ішінде инвестиция тарту көрсеткіші айтарлықтай өскенін, инвестициялық әлеует пен мүмкіндіктердің молайғанын атап өтті.

-Қазақстан Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың құрылғанына 30 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында сауда-саттық, экономика салаларында әріптестік жобалар мен екі жақты келісімдер жасалды. Ширек ғасырдан астам әріптестік аясында жасалған жобалардың екі елге де септігі тиіп, іскерлік қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны баршаға аян. Осындай келелі игі істерді жүзеге асыруда Шымкент қаласының да үлесі болуы заңдылық әрі үлкен мәртебе,-деді қала басшысы.