Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден шықпай-ақ әлеуметтік қызмет түрлерін ала алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден шықпай-ақ әлеуметтік қызмет түрлерін ала алады

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай тудыру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталы толық іске, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Портал арқылы аталған санатқа жататын жандар үйден ұзамай-ақ, қажетті қызмет түрлері мен құрал-жабдықтарға тапысырыс бере алады. Ол үшін азаматтың жеке электронды қолтаңбасы (ЭЦҚ) ғана қажет.

Әлеуметтік қызметтерден бөлек, қажетті құрал-жабдықтарды мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеке электронды қолтаңбасының көмегімен, http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше сатып алу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, Әлеуметтік қызметтер порталы 2020 жылдың 3 маусымында пилоттық жоба ретінде іске қосылған болатын. Биылдан бастап порталда азаматтарға арналған 5 түрлі қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтқанда: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», «Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету», «Ымдау тілі маманы қызметін көрсету», «Жеке көмекші қызметін көрсету» және «Санаторлы-курорттық емдеу қызметін көрсету».

Порталды пайдалану бойынша кеңесті call-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға болады.