Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың зейнет жасын 63-тен 55-ке дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
– Мүгедек азаматтардың зейнетақы жасын төмендету мәселесі денсаулық жағдайының факторларын, диагнозы мен ауруын, еңбек сипатын және т.б. ескере отырып кешенді шешілуі тиіс. Бірақ оларға зейнетке шығудың орташа жасы көп балалы аналарға ұқсас 55 жас болуы керек, - деді депутат.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше елімізде 600 мыңна астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның ішінде 85 мыңнан астам ересек азаматтар еңбек жарамды. Негізінен еңбекші жарамдылар ІІІ топтағы мүгедектер. Сол жұмысқа жарамды жандардың ішіндегі 50 мыңға жуығы 45 жастан асып, зейнетке таяп қалған.
Мәжіліс депутаты мүмкіндігі шектеулі жандардың жасы келген сайын жүріп-тұруы қиындығына қарамай тіршілік қамымен 63 жасқа дейін жұмыс істейге мәжбүр екендігін алға тартқан.