​Мұрат Әйтенов Әл-Фараби кітапханасына барды

​Мұрат Әйтенов Әл-Фараби кітапханасына барды

Қазір мұнда 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды кітап қоры бар. Тұрақты оқырман саны 18 600-ды құраса, 128 000 келуші бар. Жалпы абонаменті 216 000-қа жеткен, -деп хабарлайды Shymkentaqparat

Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы бүгінде халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетіп отыр

Қазіргі таңда кітапхана Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы мен кітап.kz қорын толықтыруға белсене атсалысуда. Сонымен бірге, заманауи үлгідегі смартжоба QR – кітапхана жобасын жүзеге асырды. Оқырмандар 60-қа жуық жергілікті автордың туындысын оқырмандар кітапхана сайтындағы QR – код арқылы оқуға мүмкіндігі бар.

Мұнда оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді.

Айта кетсек, кітапхана қаладағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.


Фото: Береке Сейітжаппар