Мұрат Әйтенов: Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер жіті назарда

Мұрат Әйтенов: Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер жіті назарда

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Шаңырақ» шағын ауданында болып, тұрғындардың емхана мен жер мәселесі туралы өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһар басшысы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада кезең-кезеңімен жүйелі жұмыстар атқарылып келетінін атап өтті. 2023 жылға дейін халық 100 % сапалы ауыз сумен, 100% табиғи газбен, 2025 жылға дейін 100% сапалы электр қуатымен қамтылады.

Кешегі берген халық алдындағы есепті кездесуімде де қала тұрғындарының алдында тұрған 5 ортақ мақсат жөнінде айтып өткен болатынмын. Ол адами капиталды өсіру, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, баспаналы болу, халыққа қолайлы қала құру. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасауымыз қажет, - деді.

Сайрам ауданынан Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағына өткен елді мекенге қала мәслихатының шешімімен «Шаңырақ» шағын ауданы атауы берілген болатын. Бүгінде мұнда 2 мыңға жуық халық тұрады. Шағын ауданда 1 мектеп пен 2 жекеменшік балабақша бар. Ал 10,91 шақырым жолдың қәзіргі таңда 6,85 шақырымы асфальт жол болса, 4,06 шақырымы шағал тас төселген жолдар.