М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің еріктілері қан тапсыруда

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің еріктілері қан тапсыруда

Қиын жағдайға түскен адамдардың нәсіліне, дініне қарамастан жанашырлық таныту, әсіресе, қазақ халқына ерекше тән ұлттық қасиет болып табылады.

Бүгін, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер ерікті түрде елдегі болған жағдай кезінде ауруханаларға түскен азаматтарға Шымкент қалалық қан орталығына келіп, қан тапсыруды бастады. Алғашқы күннің өзінде оқу орны ұжымының ерікті түрде қан тапсырушылар саны өте көп болды.

Шымкент қалалық қан орталығы директоры Амангелді Ергешбекұлы және М.Әуезов атындағы ОҚУ басқарма төрағасы-ректор Дария Пернешқызы оқу орнының ұжымына, елде орын алған осындай қиын жағдай кезінде, түсіністікпен қарап, ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсетіп жатқандықтары үшін алғысын білдірді.

Оқу орны басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова алғашқы болып қан тапсырды. Қан тапсыруға ниет білдіруші еріктілер тізімі күнделікті жасақталуда.