«Мың бала» ұлттық олимпиадасына тіркеу басталды

«Мың бала» ұлттық олимпиадасына тіркеу басталды

«Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

- 24 наурызға дейін ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Олимпиадаға еліміздегі ауыл мектептерінде соңғы екі жыл бойы білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатыса алады, делінген хабарламада.


Жеңімпаздар еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші білім беру ұйымдарында және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

Айта кетерлігі, «Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауыл мектептерінде білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға және оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беруге бағытталған.
Олимпиадаға тіркелу мына сайтта өткізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
Еске сала кетсек, былтыр желтоқсан айында ауыл оқушылары арасында өткен «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталған еді.