​МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

​МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Атап айтқанда, Шымсити шағынауданында «Дамдес Отау» тұрғын үй кешеніндегі өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген тұрғын үйдің сапасын тексерді.

Көпқабатты тұрғын үй 2021 пайдалануға берілген. Кездесуде тұрғындар үйдің сапасына қатысты бірқатар кемшіліктерді жеткізіп, шағымдарын айтты. Мәжіліс депутаты тұрғындардың шағымы бойынша кәріз жүйесі, жертөлеге су жиналу мәселесімен танысты.

Жиынға қалалық орта сапасы және бақылау, құрылыс басқармасы, жауапты мердігер мекеме өкілдері қатысты. Жауапты мердігер мекеме өкілдері кепілдік мерзімі бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

Мәжіліс депутаты тұрғындарға аталған мәселелерді шешудің жолдарын түсіндіріп, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Ендігі ретте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы анықталған кемшіліктер бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жауапты мердігер мекеме өкілдеріне де кемшіліктерді ретке келтіруге тиісті уақыт берілді.

«Шымкент келбеті»