Шымкент қаласының жаңа әуежай терминалының құрылысы аяқталуға таяды. Жеке инвесторлар 1 айда техникалық жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов жұмыс сапары аясында жеке инвестиция есебінен салынып жатқан жаңа әуежай терминалының жағдайымен танысты.
Мәжіліс депутаты инфрақұрылымдық үлкен маңызды жобаның іске қосылуы басқа салаларға да серпін беретінін айтады. Аралау барысында жеке инвесторлардың мәселелерін, ұсыныстарын тыңдады.
-Расында, терминалдың әлеуеті өте зор. Өзіндік дизайны бар. Сағатына 2 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Бұл нысанды қала халқы көптен күтті. Осы инфрақұрылым арқылы басқа да салалар дамиды деп сенеміз. Себебі, осындай әлеуетті инфрақұрылымдық нысандар басқа салаларға да серпін береді. Қазіргі уақытта коммуникация, жер мәселесі бар екен. Ол Қорғаныс министрлігі мен қала әкімдігінің бірлесе шешетін жұмысы. Екі жақтан да жұмыс жасалып жатыр. Ал қаржы жағынан ешқандай мәселе жоқ, - деді Мәжіліс депутаты БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында. Айта кетсек, жаңа нысанның ашылу рәсімі күз айына жоспарланып отыр.
«Шымкент келбеті»