​«Наурыз көне Шымқалада» атты хикаяттың премьерасы өтті

​«Наурыз көне Шымқалада» атты хикаяттың премьерасы өтті

Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Наурыз көне Шымқалада» атты қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Драматург Сая Қасымбектің қойылымда «Көне қала мәңгілік болу үшін ортасынан өзен ағады» деген ұстанымның шындыққа айналғаны айшықталып, «Шымкенттің сұлу алқасына» айналған Қошқар Ата өзенінің шығу тарихына жаңаша көзқараспен шолу жасалынған.


Осылайша театрдың шығармашылық ұжымы тіршілік бастауы бірліктен тұратынын, ырыс пен құттың берекелі ынтымаққа жетелейтінін, әз-Наурыздың мән мағынасын жасөспірімдерге қиял-ғажайып оқиғалармен жеткізіп берді.

Айта кетейік, қойылым 18-22 наурыз аралығында Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрында өтеді.

Анықтама тел: 77-10-43, 8 778 249 59 20