​Наурыз көже қалай әзірленеді?

​Наурыз көже қалай әзірленеді?

Наурыз көжеге біз білмейтін тағы қандай компонент қосылады?

Ұлттық тағамның шығу тарихы мен оның дұрыс дайындалу тәсілін ардагер ұстаз Рахима апа біздің сайт оқырмандарына айтып берді.


Айтқандай, Наурыз сөзі парсыша «ну» – «жаңа», рыз – «күн», яғни «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Наурызды мейрам ретінде тойлау жер бетіндегі халықтардың бір шамасының тұрмыс салтында бар. Бұл салт есте жоқ ерте заманнан бері жалғасып келеді. Мәселен, гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», хорезмдіктер «Наусатж», татарлар «Нардуган», буряттар «цаган сар», ұйғырлар «гүл наурыз», қазақтар «Наурыз» деп атап келген.