​“Наурыз Шымкентте басталады”

​“Наурыз Шымкентте басталады”

Дәл осындай тақырыппен Ұлыстың Ұлы күніне арнап бірқатар эстрада жұлдыздары мегаполисте өнер көрсетеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл ақпаратпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасында бөлісті.

«Жылда Наурызды Шымкентте аталған жобаны байыта түссек, Шымкентке Наурызды тойлауға тек Қазақстан емес, бүкіл әлем келеді. Бавариядағы Октоберфест те, Риодағы карнавал да осылай басталған. Наурыз - бұл бұдан былай Шымкенттің фишкасы! »,- делінген Шыңғыс Жұмабекұлының әлеуметтік парақшасында.

Әз Наурыз мерекесіне орай өткізілетін ән кештерінің тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

14 наурыз - Айқын Төлепберген

15 наурыз - “Жігіттер”

16 наурыз - Мәдина Садуақасова

17 наурыз - Роза Әлқожа

18 наурыз - Жанболат пен Жазира

19-20 наурыз - Наурыз айтыс

21 наурыз - “МузАрт”

22 наурыз - “МузАрт”

23 наурыз - Тамара Асар

24 наурыз - “Өнер Қырандары”

Айта кетейік, билеттерді “Түркістан” сарайының кассасынан ала аласыздар.

Толығырақ ақпарат алу үшін 8702-220-76-76 немесе тікелей кассаға +77252 275073, +7 (702) 401-63-80 нөміріне қоңырау шалыңыздар.