Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бүгін Астана алаңында өткен «Шырқа, Наурыз» гала концертіне ұласты.
Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары - Жанболат мен Жазира, Мелдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан бастаған эстрада жұлдыздары ән шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Көктем лебін жеткізген әуелеген әндер шеруін тұрғындар ашық аспан астында үш сағат бойы тамашалады. Мерекелік кеш «Хабар» арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.