Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысымен танысыты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шаһар басшысы алдымен №28 кәріз сорғы станциясының және №2 коллекторға дейінгі магистралды кәріз коллекторының құрылысын пысықтады.
Ұзындығы 12,9 шақырым коллектордың және №28 кәріз сорғы станциясының құрылысы былтыр мамыр айында басталған. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі өткен жылы 757,1 млн. теңге қаражатты игерді. Ал осы жылға 1 481,5 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Тассай, Нұртас елді мекендердегі кәріз жүйесі осы коллекторге қосылатын болады.
Қала әкімі аталған нысандардың құрылысына қазірден көңіл бөлуді тапсырып, құрылыс барысын тұрақты бақылап отыратынын айтты.
Фото: Береке Сейітжаппар