Nur Otan партиясына - 22 жыл

Nur Otan партиясына - 22 жыл

Шымкентте Nur Otan партиясының құрылғанына 22 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Басқосуға партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов, филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, партия ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Мұрат Дүйсенбекұлы жаңа форматта жұмыс істеуге көшкен Nur Otan партиясы қалалық филиалының жұмысымен танысты. Филиал төрағасына партия бағдарламасы аясында әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар мен жетістіктер баяндалды.


Бұдан кейін партияның 22 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Мархабат Байғұт жүргізген басқосуда ардагерлер Nur Otan партиясының 1999 жылдан бергі қысқаша тарихына тоқталып, жетістіктерін еске алды. Осы жылдарда атқарылған жемісті қадамдар мен жарқын естеліктерімен бөлісті.

Ал жиын соңында Nur Otan партиясының қатарына жаңадан қабылданған 10 азаматқа партия билеттері табысталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, студент, зейнеткер және мұғалімдер мен дәрігерлер бар.

Фото: Береке Сейітжаппар