​«NUR OTAN» партиясының алдағы 5 жылдық жоспары әзірленді

​«NUR OTAN» партиясының алдағы 5 жылдық жоспары әзірленді

Бүгін «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен партияның кезектен тыс XLI конференциясы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жиын барысында Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстар туралы баяндады.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, биыл Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында 6 052 орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі. Одан өзге 1 мектеп, 2 балабақша күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, «Шымкент сити» және «Тұран» шағынаудандарында 39 үйдің құрылысы аяқталып,3 136 пәтер халық игілігіне беріледі.

«Жол картасы» бағдарламасында алдағы 5 жылға 22 негізгі көрсеткіштер қарастырылған. Оның ішінде тұрғын үй саласында 3 млн.ш.м. астам тұрғын үй құрылысын жүргізу, білім саласында үш аусымды мектептердің мәселесін толық шешу, туризм саласында туристер санын 1 млн. адамға жеткізу, инженерлік инфрақұрылым саласында тұрғындарды сапалы электр жарығымен, сумен, газбен, толық қамту, қанағаттанарлық жолдардың үлесін 79 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Экономиканың барлық салаларында 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделді.

Конференция барысында «Nur Otan» партиясының құрамына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда Кадрлық өзгерістерге және мекенжайының ауысуына байланысты Партия қалалық филиалы Саяси кеңес және Саяси Кеңес Бюросы мүшелігіқұрамынан шығарылған азаматтың орнына Шымкент қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева ұсынылып, бірауыздан бекітілді.

Фото: Серік Қосай