Оқушылар арасында «Қауіпсіздік сабақтары» өтті

Оқушылар арасында «Қауіпсіздік сабақтары» өтті

Шымкент қаласындағы №9 мектепте «Қауіпсіздік сабақтары» тақырыбында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша арнайы тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері ұйымдастырды.

Оқушыларға жолда жүру мәдениеті, жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік ережелері және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сабақ барысында балаларға көрнекі мысалдар келтіріліп, күнделікті өмірде жол қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Тәрбие сағатын полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанттары Думан Қосбармақов пен Құдайберген Орынбаев, сондай-ақ полиция капитаны, инспектор Жандәулет Шахалак өткізді.

Айта кетейік, мұндай қауіпсіздікке бағытталған тәрбиелік іс-шаралар қала мектептерінде апта сайын ұйымдастырылады. Бұл дәстүр соңғы екі жылдан бері жалғасып келеді.

Мектеп ұжымы мен тәрбиешілердің айтуынша, жүйелі жүргізілетін осындай сабақтар оқушыларды жолда абай болуға, өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

“Шымкент келбеті”