«Ордабасы» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Ордабасы» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Ордабасы» командасына бас бапкер болып Александр Седнев тағайындалды, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz.

Бүгін клуб Президенті Бахтияр Байсеитов команданың жаңа жетекшісін таныстырып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

47 жастағы Беларусь маманы бұған дейін ТМД елдерінің «Белшина», «Динамо», «Днепр» және қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтырған.

Ол 2012 жылдан бері УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті клубты бас бапкер Кахабер Цхададзе жаттықтырып келді.

Фото: ашық дереккөз