ОРДАБАСЫ- ПЕТРОКУБ 0:0

ОРДАБАСЫ- ПЕТРОКУБ 0:0

Қажымұқан атындағы орталық стадионында футболдан чемпиондар лигасының бірінші кезеңінің ойындары өтті. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Молдованың «Петрокуб» командасын қабылдады. Жергілікті жанкүйерлердің қаншама қолдауы болғанымен алаңдағы ойын 0:0 есебімен тең тарқасты. Биыл алғаш рет футболдан чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, ел намысын қорғаған Шымкенттің «Ордабасы» командасы үшін бұл кездесу өте жауапты болды. Бас бапкер Александр Седнев бастаған команда мүшелері өз алаңында емес қарсыластардың алаңында ойнап жүргендей сақ әрі сенімсіз ойнады. Ойынның бірінші кезеңінде «Ордабасы» командасының ең мықты ойыншысы Темірлан Ерланов жарақат алып, оның орнына алмасып шыққан Сағадат Тұрсынбаев шықты. Қақпаны құрамаға жақында ғана келіп қосылған белоруссиялық Сергей Игнатович қорғады. Матч барысында қақпашы қаншама рет қауіпті сәттерден қақпаны қорғап, аман сақтап қалды.

Молдавалық «Петрокуб» командасы чемпиондар лигасында тұңғыш рет шығыпты. Команда Молдава чемпионатында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Кезінде Қазақстан клубтарында сынға түскен Андрей Мартин баптайтын «Петрокуб» командасы 2017 жылдан бері Еурокубок ойындарында да бақтарын сынауда. Былтыр Молдавия чемпионатында чемпион атанып, алғаш рет олар да Чемпиондар лигасына шыққан. Команда құрама сапында өз елінің футболшылары өнер көрсетеді. Мықты деген екі легионері Шымкентке келген жоқ.

«Ордабасы» құрамында бұған дейін еурокубоктарында өнер көрсетіп, тәжірибе жинаған ойыншылар ғана өздерін көрсете алды. Әсіресе, өзбек легионері Жасур Яхшибаевтің қаншама гол соғатын мүмкіндігі болды. Молдава жанкүйерлері Яхшибаевты ең үздік футболшы ретінде таныпты. Өйткені ол бұған дейін Молдова чемпионатында «Шериф» командасында өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінген. Ал, Беседин мен Пластуннің ойын өрнегі де шымкенттік жанкүйерлердің көңілінен шықты. Жанкүйерлердің әлеуметтік желілерге жазуларына қарағанға, ойынға билеттер толық сатылып кеткенімен алаңда бос орындар көп болды. Ал, билет іздеп жүрген адамдардың саны қаншама? Енді, ордабасылықтар қарымта ойынды Кишинев қаласында өткізеді. Осыдан жеңген жеңімпаз Кипрдің «АПОЭЛ» командасымен кездеседі.

Дәл осы кезде Германияда Футболдан Европа чемпионатында екінші жартылай финалда Ағылшын құрамасы Нидерландия футболшыларын 2-1 есебімен ұтып Фмналдық ойынға жолдама алды. Енді ақтық бәсекеде Испания мен Англия құрамалары кездеседі

«Шымкент келбеті»