Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Бағдат Қайыровпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қайыров ең алғаш «Ақтөбемен» кәсіби еңбек-шартқа отырған, кейін «Каспий» сапында ойнап, «Ақтөбеге» қайта оралған. Ол соңғы маусымын қызылордалық «Қайсарда» өткізді.
27 жастағы Бағдат Премьер-Лигада барлығы 122 ойын өткізген. Сондай-ақ, ойыншы қоржынында Еуропа Лигасы додасында өткізген 3 кездесуі бар.